Солтүстік Қазақстанда 80 полицей марапатталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының 80 полицейі Тәуелсіздік күнінде марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес полицей адал қызметі мен қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Астанаға 20 жыл» медалімен, төрт офицер облыс әкімінің өкімімен, тағы 50-ден астам қызметкер ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен арнайы марапатқа ие болды.

Бұл күні үш қызметкер кезекті арнайы шенге қол жеткізді. Олардың арасында тыл жөнінен қамтамасыз ету басқармасының басшысы Нариман Ибраев та бар. Ол бүгін полковник атанды. Ол ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аталмыш басқармаға басшылық етіп отырғанына 4 жылдан асты. Ал Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Шәмшиден Ақышев полиция подполковнигі шеніне ие болды. Оның ішкі істер органдарында қызмет етіп келе жатқанына 14 жыл болды. Ол облыс орталығындағы жол қауіпсіздігіне жауап береді.

Жеке құрамды мерекемен құттықтаған облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов аймақтағы құқықтық тәртіптің ахуалы әрбір офицердің, сержант пен әкімшілік мемқызметшінің күнделікті адал еңбегіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Демек, оларды марапаттап, ынталандырып отыру - келешек жетістіктер үшін керемет стимул. 

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар