Солтүстік Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше күннен бері боран соқса, алдағы екі күнде күн күрт суытып, кей жерлерде -30 градусқа дейін жетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РММ СҚО филиалының мәліметінше, Тайынша ауданында өткен тәулікте желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетті.

Облыс бойынша боран соғып, көру 50 метрге дейін шектелді. Қалың қар жауды.

Мәселен Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Андреевка елді мекенінде ұлпа жамылғысы 7-14 мм шамасында болды, бұл бір айлық нормаға жақын.

Ал Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекенінде 7-9 мм – жарты айлық норма қар жауды.

Алдағы екі тәулікте Ресейдің Мәскеу өңірінен келген антициклон облыстың ауа райына әсер етеді.

Түнде кей аудандарда -25-30 градусқа дейін суытады.

Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды.

«Екінші он күндіктің соңына қарай ауа райы жыли бастайды. Үшінші он күндіктің басында ауа температурасы көтеріліп, түнде -1+4, күндіз +3+8 градус аралығында болмақ. Кейін түнде тағы -5-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз ауа температурасы 0-5 градус аралығында болмақ. Айдың соңында күн қайта жылынады», - дейді «Қазгидромет» РММ СҚОФ инженері Роман Гиричев.