Солтүстік Қазақстанда аң аулау алабы 12,3 пайызға ұлғайды
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстанда аң аулау алабы 12,3 пайызға ұлғайды.
Мәселен, былтыр аң аулау шаруашылықтарына 5524 мың гектар алабы бекітілген, ол 2011 жылғыдан 12,3 пайызға артық. Ауа райының қолайлы жағдайы және жем мен азықтың жеткілікті болуы жабайы аң-құстардың санының артуына жағымды әсерін тигізген. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттік мәліметтері бойынша, 2013 жылдың 1 қаңтарына жабайы тұяқты жануарларлар түрінің 6,3 мың басы және қанатты құстардың 383,2 мың басы тіркелген. Олардың ішінде 6 мыңнан астам елік, 0,2 мыңнан астам доңыз есепке алынса, бөдене - 3,3 мыңға жуық, құр - 6,5 мыңға жуық, қасқалдақ - 62,4 мыңға жуық , қаз - 26,3 мыңнан астам, балшықшы - 26,7 мыңға жуық, шілдер - 4,7 мың, жабайы үйректер 253,3 мыңнан астам деп есепке алынған.
Өткен жылы аң аулаудың 69 тәртібі бұзылған, 466,0 мың теңге сомасында айыппұл және 1624,5 мың теңге шағым өндіріліп, 59 адам әкімшілік жауапқа тартылған.