Солтүстік Қазақстанда балықтар жаппай қырылып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Жақсы-Жалғызтау көлінде балықтардың жаппай өлімі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су қоймасында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары жұмыс жасап жатыр.

«Алдын ала есеп бойынша, 80 келі балық қырылған. Көлдің маңайын дәрілеу кезінде суға химиялық заттар түсіп кетуі мүмкін, оны жоққа шығармаймыз. Су мен балықтың сынамасын зертханаға жібердік. Нәтижесі бес күннен кейін белгілі болады, сонда ғана нақты себебін айта аламыз» , - деді Жануарлар әлемі және балық ресурстары бөлімінің басшысы Ерлан Тәшімов.

 

Соңғы жаңалықтар