09:08, 03 Қазан 2019 | GMT +5
Солтүстік Қазақстанда бидай алқабындағы өрт сөндірілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде егістік алқабындағы өрт жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Тайынша ауданында бидай алқабынан өрт шыққан. Өрт 6 гектар аумақты шарпыған. Ол от жағу барысындағы салақтықтан туындаған.
М.Жұмабаев ауданы, Возвышенка ауылында электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуынан комбайн жанып кеткен. Бұл жолы алқап өртенген жоқ.
«496 рейд жүргізілді. Орылған егістікті бақылаусыз өртегені үшін 159 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 1,6 млн теңге сомада айыппұл төледі. Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен нұсқаулықтар өткізіліп жатыр», - деді департамент бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.
Құтқарушылар егін жинау кезінде өртке қарсы шаралардың толық кешені қажеттігін еске салды.
Автор: Олеся Жуковень