Солтүстік Қазақстанда білім мекемелерінің жүйесін нормативтерге сәйкес оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде

ПЕТРОПАВЛ.   Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -  Үкіметтің  2007 жылғы   желтоқсанның 21-індегі  қаулысын орындау  үшін     Солтүстік Қазақстан  облысының  білім басқармасы аудандық   білім  бөлімдерімен бірлесіп ,   мектептер  желісін   нормативке сәйкестендіру  қажеттігі  туралы    халық арасында түсіндіру  жұмыстарын      жүргізді.
None
None

ҚазАқпарат тілшісіне облыстық білім басқармасынан  хабарлағанындай,    осыған  байланысты,    сапалы      білімге  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  үшін  облыста  76 мектеп жанындағы  интернат  ашылып, оларда    балалардың    оқуына  және тұруына,  сондай-ақ  олардың   көлікпен тасымалдануына     барлық  жағдай жасалып отыр.

Сондай-ақ,  оқушылар контингентінің болмауына байланысты жаңа оқу  жылының басында      13   бастауыш  мектеп  жабылды,  18 негізгі мектеп   - бастауыш  мектеп, ал  7 орта мектеп - негізгі мектеп болып қайта құрылды.     Облыстағы  мектептердің  саны 12 бірлікке      қысқарды.

Мектептің кепілдендірілген  нормативіне  сай келмейтін 99    мекеменің 38-інде     жағдай  реттеліп,   қалыпқа келтірілді.   2009-2010   оқу жылының басындағы жағдай  бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 78 мыңнан  астам оқушы  білім  алып жатқан 622       мектеп  жұмыс істеуде,  оның ішінде  357-сі   - орта мектеп, 136-сы -  негізгі мектеп,  131-і -  бастауыш  мектеп.   Мектептер желісін   нормативтерге сәйкестендіру  жұмыстары  одан әрі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар