Солтүстік Қазақстанда боран соғады - Қазгидромет

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі күндік ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстанда боран соғады - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК хабарына қарағанда, 6 наурыз күні түнде өңірдің кейбір жерлерінде қар жауады, күндіз біршама аудандарда жауын-шашын болады.

«7 наурызда облыс аумағының басым бөлігінде қар жауады. Кейбір жерлерде боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, екпіні 23-28 секундқа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы -2 градус және +3 градусқа дейін жылынады», - делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Петропавлда күн жауын-шашынды, көктайғақ болады, жерл оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.