Солтүстік Қазақстанда бюджеттен 110 млн теңгені жымқыру фактісі анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 110 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда бюджеттен 110 млн теңгені жымқыру фактісі анықталды

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел алдын алу шарасын өткізді. Нәтижесінде радиостанция жеткізіліміне сатып алу туралы қол қойылған келісімшарт шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Мемлекетке келген залалдың сомасы 110 млн теңгеден асады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 4-бөліміне сәйкес іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.