Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер жетіспейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Тамызда медициналық оқу орындарын тәмамдаған 87 жас маман СҚО-ға жұмысқа келмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер жетіспейді

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Владимир Безлердің сөзіне қарағанда, облысқа қазір 282 дәрігер-маман керек. Петропавлдың өзіне 171 маман жетіспейді. 2016 жылы өңірге 90 маман келді, 42-сі - ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылған.

«Медициналық ЖОО-лармен 87 шартқа қол қойдық», - деп атап өтті басқарма басшысы.

В. Брезлердің ақпаратына сәйкес, күн сайын облыс емханалары мен «жедел жәрдемге» 8 мыңнан астам адам жүгінеді. Жарты жылда өңірде 3,3 мың нәресте дүниеге келеді. Акушерлер күніне орта есеппен 18 әйелді босандырады.

 «Өңірде медициналық қызмет алатын адамдар саны артып келеді. Соңғы үш жылда олардың саны 1039-дан 1547-ге жетті. 2017 жылғы 6 айда мұндай көмекті 718 адам алды», - деп атап өтті В. Безлер.