Солтүстік Қазақстанда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәлімдеуінше, 11 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз бірқатар аймақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.