Солтүстік Қазақстанда Есіл суының деңгейі қайта көтерілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда Есіл өзеніндегі судың деңгейі қайта көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

 «Сергеевска су қоймасында екінші толқыннан кейін судың деңгейі 25 см-ге төмендеп, 222 см-ні құрады. Есіл ауданы Покровка ауылында судың қайта көтерілуі байқалуда. Қазір қызыл су Қызылжар ауданының Новоникольск ауылы маңында. Петропавлда су бір тәулікте 4 см-ге көтерілді. Оның деңгейі тағы үш күн көтерілетіні күтілуде. 5 мамырдан кейін ол Петропавл су қоймасы аумағында тоқтауы тиіс және біз екінші максимумды байқайтын боламыз.  Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, су деңгейі төмендейтін болады. Біздің облыстағы Тоқсан би гидробекетінде және Ақмола облысындағы Тасты карьерде судың деңгейі 70 см-ге төмендегені тіркелді», - деді облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев.

Петропавл қаласының Заречный кентінде қиын ахуал қалыптасып отыр. Мұндағы судың деңгейі тым жоғары, ағысы қатты. Кент қаладан арал секілді бөлініп қалды. Төтенше жағдайларда тек қайықпен жүріп-тұру мүмкін болады. Осындай жағдай Кожзавод кенті мен Тепличное ауылында да орын алып отыр. Су деңгейінің көтерілуі Долматово, Соколовка ауылдарында байқалуда. Прибрежное кентімен байланыс жүзу құрылғыларының көмегімен ғана жүзеге асырылуда.

Антон Федяевтің айтуынша, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда тасқын су толығымен кетіп, комиссия өз жұмысын аяқтады және материалдық залал есептелді. «Қираған үйлер бойынша залалдың құны 52 млн теңгені құрап отыр. Жергілікті атқарушы органдар үйлері қалпына келтіруге жарамсыз отбасыларға сатып алатын баспана іздестіруде. Төленетін қаражат сомасы әртүрлі. Ең төмені - 50 мың теңге», - деп мәлімдеді Антон Федяев.

Ал, саяжай иелеріне табиғи апаттың залалы төленбейді. Облыс бойынша барлығы 221 үй су астында қалып отыр. 

Соңғы жаңалықтар