Солтүстік Қазақстанда квадрокоптерлер су тасқынын бақылауда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда квадрокоптерлер су тасқынын бақылауда

Биыл мамандар мен жергілікті атқару органдары квадрокоптер көмегімен жағдайды қосымша бақылап отыр.

Өңір басшысына Булаево қаласы орталығындағы көлдің қазіргі жай-күйі көрсетілді. Еріген қар суларынан пайда болған бұл көл жақын маңдағы үйлерді су басу қаупін тудырып отыр. Одан күнделікті 6 мың текше метр су сорғытып алынады. Шығыс және оңтүстік жағы тереңдетіп қазылды. Соның нәтижесінде, су деңгейі 40 см дейін төмендеді. Мамандар жағдайдың тұрақты екенін айтуда.