Солтүстік Қазақстанда мамандарды сертификаттау орталықтары құрылады

Енді қызмет көрсету және көлік салаларының: тігін өндірісі, шаштараз, қонақ үй, мейрамхана және етік тігу ісі мамандары біліктілікті растайтын сертификаттарға қол жеткізе алады. Басқа да салаларды; машина жасау, құрылыс және коммуналдық, ауылшаруашылық, ветеринария, экология және энергетика салаларын қамту жоспарлануда.
Қызметкер өзінің жоғары білікті маман екендігін жеке қабілетін, кәсіби білімі мен дағдыларының жиынтығын растайтын сертификат арқылы дәлелдей алады.
Жетілуінде кідірісі бар жастарды оқытатын «Солтүстік Қазақстан оқу-өндірістік комбинаты» ЖШС-ның директоры осындай орталықтарды ашу арқылы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға болатынын атап өтті.
Орталықтар тізілімін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеуде. Ал, сертификаттаудан өткен мамандар тізілімін өңірлік кәсіпкерлер палатасы енгізеді. Қазіргі таңда аталмыш орталықтар еліміздің екі облысында жұмыс жасауда.