Солтүстік Қазақстанда сәрсенбі күні мектептер мен колледждерде сабақ болмайды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 7 наурыз, сәрсенбі күні мектептерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, білім басқармасы желдің күрт күшеюіне, жолдарды көктайғақ басуына және боран соғу мүмкіндігіне байланысты 0-11 сынып оқуышылары және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайтынын жариялады.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, жел екпіндете соғып тұр. Барлық бағыттар бойынша автожолдар жабылған.
Фото: gtrk-saratov.ru