Солтүстік Қазақстанда су тасқыны ахуалы тұрақтанды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына келген Алматы, Астана мен Павлодар қалаларының құтқарушылары қайтып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны ахуалы тұрақтанды

null
Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және су тасқыны кезінде халыққа көмек көрсету үшін өңірге келген ҚР ІІМ ТЖК құтқару бөлімі бүгін өздерінің тұрақты орналасқан жерлеріне қайтты.

Облыста жеке құрамның 69 адамы жұмыс істеді, қосымша 11 техника мен 8 қайық жеткізілді. Республикалық бөлімдердің құтқарушылары Петропавл қаласының Тері зауыты және Заречный кенттеріне, СҚО Қызылжар ауданы Тепличное, Прибрежное, Долматово және Большая Малышка ауылдарындағы қорғаныс бөгеттерін бекітуге, халықты эвакуациялауға атсалысты.
null 

Облыс, қала және Қызылжар ауданы әкімдерінің атынан бірқатар құтқарушыларға алғыс хаттар табысталды.

«СҚО-ға 27 құтқарушымен бірге 24 сәуір күні келдік. Бірнеше топқа бөлініп, түрлі нысандарда жұмыс істедік. Біздің топ Заречный кентінде жұмыс жасады. Алғашқы бірнеше тәулікте мүлдем ұйықтамадық. Адамдарды, малдарды эвакуациялап, қауіпсіз жерлерге көшірдік. Бөгеттерді бекітіп, суларды айдадық. Оның деңгейіне мониторинг жасап, медициналық көмек көрсеттік. Кейбір адамдар жарақат алып, шатырлардан құлады», - деді Алматы қалалық республикалық жедел-құтқару бөлімінің басшысы Вадим Пак.
null null null 

Өңірдегі су тасқыны ахуалы тұрақтанды. Су ақырын кетіп жатыр.

Су тасқыны кезінде облыс бойынша барлығы 380 үй зардап шекті. Тасқын су толығымен кеткеннен кейін залалды бағалау комиссиясы жұмысқа кіріседі. 
null