Солтүстік Қазақстанда жаңбырдың салдарынан жолдар жабылды

ПЕТРОПАВ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық автожолдарда қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда жаңбырдың салдарынан жолдар жабылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты осындай шешім қабылданған. Өңірде ауа температурасы нөлден төмен болса да, жаңбыр жауып тұр, жел күшейіп барады. Соның салдарынан жолдарға мұз қатып, көктайғақ болған.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын «112» қызметі ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.