Солтүстік Қазақстанда жел күшейіп, найзағай жарқылдайды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

10 мамыр күндіз Петропавл қаласында оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Қарқыны - 15-20 м/с.


Соңғы жаңалықтар