Солтүстік Қазақстанда жиналған рекордтық астықта диқан Арыстан Жүнісовтің де үлесі бар

Мұндай мол астық болмағалы қашан дейді, көнекөздер. Егіншілердің қызу еңбектері мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында осындай мол астыққа қол жеткізіліп отыр. Агротехникалық іс-шаралардың сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстар жылдан-жылға егіннің шығымдылығын арттыруда, А.Жүнісовтың табандылығының арқасында шаруашылықта дәнді дақылдарды өңдеудің алдыңғы қатарлы технологиясы енгізілді.
Егер 2007 жылы астықтың шығымдылығы 19 центнер/гектар болса, 2008 жылы - 25 центнер/гектарды құрады. Биыл А.Жүнісовтың шаруашылығы айналымнан 27 центнерден астық жинады. А.Жүнісовтың еңбек өтілі - 17 жыл. Арыстан еңбек жолын совхозда жүргізуші болып бастаған, кейіннен механизатор болған. Индустриялық-педагогикалық техникумды бітірген. 90-шы жылдардың басында ол бүгінде серіктестіктің бас директоры болып отырған Еркебұлан Мәмбетовтың командасына кірген үш механизатордың бірі болған еді.
Олар ол кезде шаруашылықтарын ескі шынжыр табанды трактордан бастаған болатын. Ал биылғы егін орағына 45 жаңа заманауи егін оратын машина қатысты.
Е. Мәмбетов, Арыстан Жүнісовтың сенімді ақтайтын, өзіне сеніп тапсырылған істі тап-тұйнақтай қылып атқаратын азамат екенін айтып отыр. «Біздің жеріміз осындай жігіттердің арқасында гүлденіп, дамитын болады», дейді директор.
Арыстан - Ұлы Отан соысының ардагері Ноғай Жүнісовтың жалғыз ұлы. Жеті қыздан кейін зайыбы Ноғайға ұл сыйлаған. Әкесі оған күшті және табанды болсын деген ниетен Арыстан деп ат қойған. Қазір Арыстан Жүнісов елу жасқа жеткен жоқ, бірақ ата атанып отыр. Зайыбы Айман екеуі үш қызды тәрбиелеп өсірді. Үлкенін тұрмысқа берді.
Бригадирдің марапаттары аз емес, бірақ оған Елбасы қол қойған грамота ерекше ыстық. Сол бір 1999 жылдың 10-шы қазанын А.Жүнісов ешқашан ұмытпайды. Ол «Мәмбетов және К» коммандиттік серіктестігінің барлық мүшелерінің, яғни оның да жұлдызды сағаты еді. Сол жолы астық даласында олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Елбасы диқандарға алғыс айтып, әрқашан нанды болуларына тілек білдірді.