Солтүстік Қазақстанда жұмыс күші жетіспейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде жол құрылысы саласында мамандар жетіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әкімдік отырысында аймақ басшысы әлеуметтік салаға жетекшілік ететін өзінің орынбасары Гани Нығметовке жол құрылысы мамандарын даярлауды тапсырды.

«Жыл сайын жол құрылысындағы жұмыстар көбейгендіктен, бізде жұмыс күші тапшы. Басқа өңірлерден жұмысшыларды тартуға тура келді. Бұл дұрыс емес. Өз өңірімізден жұмыс күшін тартуымыз керек. Жұмыс көлемі аз болмайды», - деді Қ.Ақсақалов.

Облыс әкімінің айтуынша, құрылыс саласындағы жұмыс көлемінің өсімі мердігер ұйымдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

«Екі жыл бұрын жол жөндеу жұмыстарына 21 компания тартылған болатын, олардың тек жартысы ғана бізде орналасқан, дәлірек айтсақ, Солтүстік Қазақстанда тіркелген. Биыл әрбір төрт мердігердің үшеуі – біздің жергілікті компаниялар. Нәтижесінде жергілікті мердігерлерді жұмыспен қамтамасыз ету арқылы салық базасы артып, бизнес дамиды. Мемлекеттік қолдаудың және жаңа жұмыс орындарының арқасында біз бюджеттің кіріс бөлігін 170% асыра орындаймыз. Бұл ең алдымен салықтар есебінен», - деп атап өтті Қ.Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар