Солтүстік Қазақстанға бұршақ жауады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына тағы да күн жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК берген мәліметтерге қарағанда, 26 тамыз күні жауған жаңбыр өңірдің кей жерлерінде нөсерге ұласуы мүмкін. Кей аумақтарға тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Петропавл да жексенбі күні жаңбырлы болады. Синоптиктер найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп ескертіп жатыр. Жел оңтүстік-батыстан соғады, оның екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.