Солтүстік Корея алғаш рет туристерге пойызбен қыдыруға рұқсат бергелі отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея тұңғыш рет шетелдік туристерге елді пойызбен кезуге рұқсат бермекі, деп хабарлады «Yonhap» бейжіңдік «Koryo Tours» туристік компаниясына сілтеме жасай отырып.

Солтүстік Корея алғаш рет туристерге пойызбен қыдыруға рұқсат бергелі отыр

«Koryo Tours» туристік компаниясы жылына 2,5 мыңнан астам батыс саяхатшыларына КХДР-ға сапар ұйымдастырады. «Koryo Tours»-те мәлім еткендей, 11-күндік темір жол туры 2 қазаннан басталмақ.

Хабарламада аталып өткендей, шетелдік туристер әдетте Пхеньянға ғана бара алатын. Елдің қалған бөлігін тамашалау мүмкіндігі болмаған.

«Енді «темір жол саяхатына» қатысушылар Пхеньянға ұшып келіп, кейін Чхонджин солтүстік-шығыс портты қаласына 1970 жылдардың «винтажды вагондары» арқылы аттанады, деп хабарлады Koryo Tours.

Онда клиенттер үшін «толықфункционалды мейрамхана-вагоны» жұмыс істейді. Туристер сонымен қатар, Синпхо мен Кимчхэк қалаларын көреді.

Сапар құны шамамен 2,9 мың еуроны құрайды.

Осыған дейін хабарланғандай, Солтүстік Корея елдің биік шыңының маңында туристік аймақ құрады.