10:02, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Солтүстік Корея баллистикалық зымыранның сынағын дайындауда
ПХЕНЬЯН. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея алыс қашықтыққа ұшатын зымыранның сынағына әзірленуде. Оңтүстіккорейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең баллистикалық зымыран ұшыру алаңына жеткізілген. Сарапшылардың пайымдауынша, зымыран жақын күндері ұшырылуы мүмкін,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап.Ұшыру алаңына қандай зымыранның жеткізілгені хабарланбай отыр. Кейбір мәліметтер бойынша, "Тхэпходон-2" зымыранының жаңартылған нұсқасы туралы сөз болуы мүмкін. Бұл туралы оңтүстіккорейлік Yonhap агенттігі сенбі күні хабарлаған еді.