Солтүстік Корея батыстағы полигондардан жақын қашықтықтағы зымырандар ұшырмақ

АСТАНА.  Қазанның 13-і.  ҚазАқпарат  - Корея Халық  Демократиялық  Республикасы  алдағы   күндері жақын қашықтықтағы       зымырандардың кезекті    сынағын өткізуі  мүмкін  - бұл жолы зымырандар  батыс жағалаудағы полигондардан ұшырылмақ, 

Солтүстік Корея   батыстағы полигондардан  жақын  қашықтықтағы  зымырандар ұшырмақ

 деп хабарлайды  «РИА «Новости» агенттігі.

Осының алдында Солтүстік  Корея  елдің   шығыс жағалауындағы   Мусудан    түбегіндегі полигоннан   жақын қашықтықтағы бес  зымыран ұшырған  болатын.  КХДР    екі  зымыранды - таңертең,    үшеуін - түстен кейін   ұшырды.  Олардың барлығы KN-2 типіне    жататын зымырандар.   Бұл   -  Солтүстік Кореяның зымырандарды   2009   жылдың   шілде айынан бері   алғаш ұшыруы.

«Солтүстік Корея  батыс жағалаудан   жақын қашықтықтағы    зымырандар  ұшыруға дайындалып  жатыр»,  деп   хабарлады    оңтүстіккорейлік РЕНХАП  агенттігі Оңтүстік Корея үкіметіндегі  дерек көзге сілтеме  жасап.