Солтүстік Корея Гавай аралдарына бағыттап зымыран ұшыруға дайындалуда - Жапония
ТОКИО. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Жапонияның Қорғаныс министрлігі американдық тыңшы-жерсеріктен алынған мәліметтердің негізінде, Солтүстік Кореяның келесі баллистикалық зымыран сынағы елдің солтүстік-шығысындағы Тончхан-ли базасында жасалып,
зымыран жапондық Аомори префектурасы арқылы Гавай аралдары бағытында ұшады деп санайды. Бұл туралы жапонның "Йомиури" басылымы жазып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Министрлік, сынақ шілденің алғашқы онкүндігінде, шамамен шілденің 4-і мен 8-і аралығында жасалады, деп санайды.