Солтүстік Корея құрамасы Жапонияға 0:7 есебімен жол беруде - хоккей
АТЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Солтүстік Корея мен Жапония әйелдер құрамалары арасында кездесудің екінші бөлімі 0:7 есебімен жапондықтардың пайдасына аяқталды.
Кездесудің екінші бөлігінде Жапония құрамасы 29-минутта бесінші шайбасын соғып, есепті 0:5-ке жеткізді. Гол иесі 13 нөмірлі М. Фьюджимото. Ал 10 нөмірлі жапон спортшысы Х. Йонеяма 37-минутта соғылған 6-шайбаның иесі атанды. Араға 2 минут салып, 18 нөмірлі Т. Сакагами 39-минутта жапондардың 7-шайбасын соқты.
Екі кезең қортындысы бойынша, 7:0 есебімен Жапония құрамасы айқын басымдылық танытып тұр.