11:59, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Солтүстік Корея құрлықаралық зымыранды полигонға тасымалдауға әзірленуде
СЕУЛ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат - Солтүстіккорейлік әскерилер полигонға құрлықаралық баллистикалық зымыранды тасымалдауға әзірленуде,
деп хабарлады бүгін оңтүстіккорейлік басылымдар. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, американдық тыңшы-жерсеріктер Солтүстік Кореяның Пхеньянға жақын жердегі әскери зауыттан елдің солтүстік-шығысындағы Мусудан-ди ұшыру алаңына зымыран жеткізуге әзірлік белгілерін байқаған. Зымыранды теміржолмен полигонға жеткізу уақыты 15 күнді шамалайтыны айтылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі бұл мәліметті әзірге ресми қуаттай алмай отыр. Бірақ, ведомство өкілі Солтүстік Кореяның ағымдағы жылы сәуірдің 5-інде ұшырған зымыраны Пхеньян маңындағы зауыттан Мусудан-ди полигонына дәл осы жолмен жеткізілгенін мәлімдеді. Мамырдың 25-інде Солтүстік Корея жерасты ядролық сынағын табысты өткізгенін жария етті.