Солтүстік Корея Қытаймен арадағы шекараға әскер тартуда - жапон басылымдары

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
«Соңғы күндері қытай- солтүстіккорей шекарасында күн сайын дерлік атыс естіледі. Солтүстік Корея армиясының сарбаздары Қытай жағына өтпек болған ел азаматтарына оқ атуда», дейді Корея Халық Демократиялық Республикасын демократияландыру жөніндегі оңтүстіккорейлік комитеттің жетекшілерінің бірі Кан Чон Хван. Ол Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінің үкіметтерін қашқындарды қайта депортацияламау мәселесі бойынша Пекинге қысым көрсетуге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, сарапшылардың айтуынша, сыртқы блокада мен ел басшылығының бюджетті әскери мақсатқа жұмсау туралы ішкі саяси саясатының салдарынан Солтүстік Корея қазір үлкен азық-түлік дағдарысын бастан кешіруде. Пхеньян соңғы айларда бірнеше рет зымырандық және ядролық сынақтар жасады.