Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен арада жасалған шабуыл жасамау туралы келісімнен бас тартты

АСТАНА. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея бұған дейін Оңтүстік Кореямен арада шабуыл жасамау туралы жасалған бейбіт келісімнен біржақты түрде бас тартатынын мәлімдеді.

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен арада  жасалған шабуыл жасамау туралы келісімнен бас тартты

БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты қабылдаған соңғы шешіміне іле-шала ресми Пхеньян осылай жауап берді.

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі халықаралық қауымдастықтың тыйымына қарамастан ядролық сынақ жүргізген Солтүстік Корея мемлекетіне қарсы жаңа санкциялар енгізуді бірауыздан қолдап қарар қабылдаған.

Бейсенбі күні Солтүстік Корея билігі АҚШ-қа қарсы «алдын ала» ядролық соққы беретінін айтып сес көрсеткен еді. АҚШ Солтүстік Кореяның зымырандарынан қорғануға қабілетті екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды «Азаттық».