15:02, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Солтүстік Корея Сеулден көмек сұрады
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея елдің солтүстік-батысында орын алған су тасқынының салдарын жоюға көмек сұрап, Оңтүстік Кореяға өтініш жасады. Оңтүстік Кореяның бірлескен істер жөніндегі министрі Хен Ин Тэк, Пхеньянның өтініші қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Бұған дейін оңтүстіккорейлік Қызыл Крест зардап шеккендерге көмекке 8,5 миллион доллардай ақша бөлуді ұсынған болатын.
Ал осыдан бірнеше күн бұрын Пхеньян өткен айда екі елдің арасындағы теңіз шекарасының шығыс жағалауында ұсталған оңтүстіккорейлік балықшыларды босататынын мәлім етті.