Солтүстік Корея Сеулдің үгіт-насихатына қарсы әскери күш қолданатынын тағы ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР билігі егер Оңтүстік Корея шекаралық аймақта «солтүстіктің» режіміне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын тоқтатпайтын болса, қарулы күш қолданатын ескертті, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Апта басында солтүстіккореялық әскерилер олардың режіміне қарсы Оңтүстік Корея таратып отырған дыбыс күшейткішті ракетемен атып жоймақ болған. КХДР-дың БҰҰ-дағы өкілі оңтүстіктің бұл әрекетін әскери актіге санайтынын жеткізді. «Егер Оңтүстік Корея біздің қойып отырған талабымызбен келіспейтін болса, біздің қарсы жауабымыз да салмақты болмақ», - деді Пхеньян өкілі. Таяуда Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын әскеріне дайын болуды бұйырды. Қарсысына АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығуларын қайта жаңғыртты.