08:34, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Солтүстік Корея шетелдік валютаға тыйым салмақ
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Корея Халық Демократиялық Республикасы 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап мемлекет аумағында шетелдік валюталардың айналымына тыйым салмақ. Елдің Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі осындай мәлімдеме жасаған,

деп хабарлайды РБК агенттігі.
Мәлімдемеге сәйкес, ел аумағында заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да шетелдік валюта қолдану тыйым салынады. Шетелдіктер де басқа мемлекеттерден өздерімен әкелген валюталарымен есептесе алмайды.
Ішкі нарықта шетелдік валютаның заңсыз айналымына жол бермес үшін, ел өкіметі қатаң бақылау жүйесін енгізуді жоспарлауда.