Солтүстік Корея сүңгуір кемеден зымыран ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея сенбі күні Жапон теңізіне сүңгуір кемеден ұшырылған баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді, деп хабарлады Би-би-си Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Корея сүңгуір кемеден  зымыран ұшырды

Ұшыру Солтүстік Кореядағы Синпхо айлағының маңында өтті.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі әскерилердің КХДР әрекетін бақылап отырғандығын мәлімдеді.

Оңтүстік Корея ұшыру сәтті өтті ме, зымыран алысқа ұшты ма және жерге қонды ма, ол жағына сенімсіз болып отыр.

Солтүстік Корея сүңгуір кемелер үшін баллистикалық зымырандар өндірісі бойынша технологияларды дамытуға тырысуда. Егер осы әрекеттер табысты өтсе, онда осы елден ядролық қауіп елеулі түрде арта түспек. ҚХДР мұндай зымырандардың бірқатар сынақтарын өткізді, алайда сарапшылар олардың ойдағыдай өткеніне күмән келтіреді.

Сеул Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынақтар өткізуге әзірленіп жатқанын дүйсенбіде ескерткен болатын. Қаңтар айында КХДР сутегі бомбасының сынағын ойдағыдай өткізгенін мәлімдеді. Бұл осы елге жаңа санкциялар енгізуге себеп болды.

Сәуірдің ортасында Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруы сәтсіз аяқталған болатын.