Солтүстік Корея сутегі бомбасын сәтті сынағанын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея тұңғыш рет сутегі бомбасы сынағының сәтті өткендігін жариялады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Солтүстік Кореяның мемлекеттік арнасынан бұл ақпаратты жария еткенге дейін, бірнеше сағат бұрын АҚШ-тың Геологиялық қызметі елдің солтүстік-шығысындағы ядролық полигондардың бірінен магнитудасы 5,1 жер асты дүмпулерін тіркеген.

"Бұл сынақ Солтүстік Кореяның ядролық күштерін жаңа деңгейге жеткенін білдіреді», - делінген солтүстік кореялық ресми БАҚ-та жарияланған үкіметтің мәлімдемесінде.

Сутегі бомбасын сынау - бұл «Чучхе төңкерісшіл идеалдар жеңісін жақындата түсіретін, біздің тарихымызға енгізілетін... әлемді дүр сілкіндірген оқиға», делінген мәлімдемеде.

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төтенше кездесуге жиналатындығы жария етілді.

Өткен желтоқсан айында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньян өзінің сутегі бомбасын жасап шыққандығын мәлімдегенімен, оған халықаралық қоғамдастық сене қоймаған болатын.

Соңғы жаңалықтар