Солтүстік Корея ұшу қашықтығы 1000 шақырымға дейін жететін үш зымыран ұшырды - басылым

деп хабарлайды Оңтүстік Кореядағы жетекші басылымдардың бірі - «Чосон Ильбо» үкіметтегі дерек көздерге сілтеме жасап.
Мамандардың пікірінше, Пхеньян өзіндегі ұшу қашықтығы 500 шақырымды шамалайтын, шартты атауы «Скад-С» зымыранын түрлендіріп, соны ұшырған. Олармен бірге сондай-ақ, 1300 шақырымға дейінгі аралықтағы нысандарды жоятын орта қашықтықтағы екі «Нодон» баллистикалық зымыраны да ұшырылған деп пайымдалуда. Олардың барлығы алдын-ала белгіленген ауданға, Солтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс жағалауындағы Китэрён полигонынан 420 шақырым жерге құлаған. Сенбі күні ол аумаққа жеті зымыран ұшырылды, олардың ішінде жақын қашықтыққа арналған екі зымыран болды, дейді Сеулдегі дерек көздер.