Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Солтүстік Корея Жапонияға қарай баллистикалық зымыран ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы оңтүстіккореялық ресми БАҚ-тарға сілтемемен Би-би-си хабарлады.

Солтүстік Корея Жапонияға қарай баллистикалық зымыран ұшырды

Йонхап ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, қандай түрге жататыны анықталмаған зымыран Жапон теңізіне қарай орналасқан Пхёнан-Пукто провинциясындағы әуе базасынан ұшырылған.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, оңтүстіккореялық әскерилер оның ұшу жолын бақылап отырған және зымыран 500 шақырым жерге дейін ұшқан.

Қазіргі уақытта зымыранның ұшырылу оқиғасы АҚШ-та зерттеліп жатыр.

КХДР басшысы Ким Чен Ын 1 қаңтардағы телеүндеуі кезінде континентаралық баллистикалық зымырандарды жасаудың соңғы кезеңін бастағанын айтқан болатын.