Солтүстік Корея жерсерік ұшыруға дайындалуда

ПХЕНЬЯН. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Солтүстік Корея байланыс жерсерігін ұшыруға әзірлік жүргізіп жатқанын жария етті.
None
None
Сарапшылар болса, Пхеньян қару-жарақ сынағын жасағалы отыр, деп пайымдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. «Қазіргі уақытта байланыстың эксперименттік жерсерігін ұшыруға кең көлемді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген Корея Халық-Демократиялық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі сейсенбі күні таратқан мәлімдемеде. Солтүстіккорейлік өкімет осыдан екі апта бұрын мәлімдеме жасап, бейбіт мақсаттағы ғарыш бағдарламаларын дамытуға толық құқықы екенін жария еткен болатын. 1998 жылы «Тэпходон-1" зымыраны ұшырылған кезде де, Солтүстік Корея басшылығы осындай тұжырымды пайдаланған болатын. Батыс пен оңтүстіккорейлік сарапшылар, Пхеньян іс жүзінде, теория бойынша Аляскаға немесе Гавай аралдарына жете алатын "Тэпходон-2" баллистикалық зымыранын ұшырғалы отыруы мүмкін деп санайды.
Соңғы жаңалықтар