Солтүстік Корея зымырандардың кезекті сынағын өткізді

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ. ҚазАқпарат - Yonhap - Солтүстік Корея зымырандардың кезекті сынағын өткізді, деп хабарлайды Yonhap Оңтүстік Кореяның Бірлескен басқару орталығына сілтеме жасап.

Солтүстік Корея зымырандардың кезекті сынағын өткізді

«Солтүстік Корея Пхеньяның солтүстігінен шығыс бағытқа қарай белгісіз снарядтарды ұшырды», - делінген хабарламада.

Ұшырылым жергілікті уақыт бойынша шамамен 16.30-да жасалды.

Айта кетейік, КХДР 5 мамыр күні ірі калибрлі ұзақ дәлдіктегі реактивті артиллериядан атып, тактикалық басқарылатын ракеталарды сынақтан өткізген болатын.  

Фото: Reuters