Солтүстік Кореяда әскери бас штабтың басшысын өлім жазасына кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея Республикасының халық әскері бас штабының басшысы Ри Йон Гил жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталып, өлім жазасына кесілді. Бұл туралы оңтүстіккореялық Йонхап агенттігінен хабарлады, деп жазды Би-би-си.
Армия генералы Ри Йон Гилге өз мүддесін көздеді деген айып тағылды.
Агенттік Солтүстік Кореядағы ақпарат көзіне сілтеме жасады.
Соңғы рет генерал қоғам алдында 2014 жылдың қыркүйегінде шыққан.
Сол жылдың қазанында оңтүстіккореялық Korea Joongang Daily басылымы генерал Ри Йон Гил өлім жазасына кесілуі мүмкін деп жазған. Өйткені Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тарында ол туралы ақпарат шықпай қойды