Солтүстік Кореяда әйелдерге велосипедпен жүруге тыйым салынған

АСТАНА.  Қарашаның  9-ы.  ҚазАқпарат -  Корея  Халық  Демократиялық  Республикасының   басшылығы   солтүстіккорейлік  қыз-келіншектерге осыдан 9 жыл бұрын    велосипедпен  жүруге тыйым салған  болатын.    Бұл ережені  бұзғандарға  айыппұл  салынып,  

Солтүстік Кореяда  әйелдерге велосипедпен жүруге тыйым  салынған

екі доңғалақты    көлік   құралдары тәркіленеді екен.     Токио  басылымының  хабарлауынша,  бұл туралы          өткен аптада   парламент  депутаттарына  Корея Ресубликасының       бірлестік  істері  жөніндегі  министрі Хён Ин Тхэк    мәлім еткен.

«2000  жылы Солтүстік Кореяның басшылығы    әйелдерге  велосипед  айдауға  тыйым  салған.    Бұл  ереже Пхеньянда     мүлтіксіз     сақталғанымен,   алыс     елді-мекендерде   оған   құлақ  аспайтындар  табылып    жатады».    Корея  Халық  Демократиялық Республикасы  бойынша   оңтүстіккорейлік  мамандар,   Ким Ир Сэннің  тұсында  елде әйелдер шалбар кимеуі керек  деген    стереотип қалыптасқанын  айтуда.   Велосипед  айдауға да шамамен  сол  кездері      тыйым салына  бастаған,  дейді  олар.