Солтүстік Кореяда Ким Чен Ир туралы фильм түсірілуде
ПХЕНЬЯН. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Корея Халық Демократиялық Республикасында ел басшысы 67 жастағы Ким Чен Ирдің өмірі туралы көпсериялы алғашқы фильмнің түсірілімі басталды. Бұл туралы Сеулдегі дерек көздер хабарлауда.
Бүгінде көсемнің дүниеге келуі мен жасөспірім шағы туралы баян ететін фильмнің бірінші бөлімі түсіріліп біткен. ҚазАқпарат бұл туралы «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ким Чен Ир билік басына 1994 жылы, әкесі дүниеден өткеннен кейін келді. Соңғы кезде түрлі дерек көздер Ким Чен Ирдің денсаулығының сыр бере бастағанын жиі айтып жүр.