14:18, 08 Наурыз 2009 | GMT +5
Солтүстік Кореяда республика парламенті депутаттарының сайлауы өтуде
ПХЕНЬЯН. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат – Солтүстік Кореяда Жоғарғы халық жиналысына – республиканың бір палаталы парламентіне депутаттар сайлау өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.CNN телеарнасының хабарлағанындай, дауыс беру дәстүр бойынша баламасыз негізде өтеді, азаматтарға бір ғана үміткерді таңдау ұсынылады, олар «иә» немесе «қарсы» деп дауыс береді.Депутаттыққа үміткерлердің бірі ретінде солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ирдің ұлы ? 26 жасар Ким Чен Ын түсуі мүмкін. Егер бұл қауесет рас болып шықса, соңғы жылдары денсаулығы нашарлап кеткен Солтүстік Корея басшысы өзінің мұрагері ретінде оны таңдауы мүмкін.