Солтүстік Кореядағы жарылыс техногендік деп танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу ұйымы Солтүстік Кореядағы жарылысты техногендік деп таныды, деп мәлімдеді ұйым басшысы Лассино Зербо. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Алайда, оның айтуынша, мұны ядролық сынақ деп айтуға әлі тым ерте.
Ұйым жер сілкінісі болуы мүмкін деп атап өтті. Енді ғалымдар ауаға радиоактив бөлігі таралған-таралмағанын күтетін болады.
Бұл жарылыс көзін айқындауға және Пхеньянның сутегі бомбасын сынақтан өткізу жайындағы мәлімдемесін растауға немесе жоққа шығаруға жәрдемдеседі. Зеброның айтуынша, радиоактивті заттардың ауада бар-жоғын анықтауға елу күн кетеді.
КХДР сәрсенбіде сутегі бомбасын сәтті сынақтан өткізгені жайлы мәлімдеді. Бұл бомба үшін күрделі технологиялар қолданылады. Оның жарылуы уран немесе плутоний бомбаларына қарағанда едәуір қуатты болып келеді. Көптеген сарапшылар мен саясаткерлер солтүстіккорейлік көшбасшылар мәлімдемесінің шындыққа жанаспауы мүмкін екенін айтуда.
Пхеньян әрекетіне жауап ретінде Оңтүстік Корея жұмадан бастап КХДР шекарасында дауыс зорайтқышпен насихаттау хабарламасын қайтадан бастауға шешім қабылдағанын жариялады.