Солтүстік Кореямен қақтығыс болған жағдайда АҚШ Оңтүстік Кореяға көмекке келмек

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея мен АҚШ Солтүстік Корея тарыпынан арандату жасалып жасалып отыр деген себеппен бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.
None
None

Бұл туралы ВВС-тің орыс қызметі хабарлады.

Бұл жаңа келісімде егер де Солтүстік Корея кенеттен шабуыл жасаған жағдайда аталған елдердің атқаратын шаралары бекітілген.

Бұрынғы келісімдердің аясында болмашы жанжалдар кезінде американдықтар көмекке келмейтін еді. Енді Пхеньян шын мәнінде Оңтүстік Кореяның бөлек аралдарына шабуылдаса, Сеул ресми Вашингтонның көмегіне жүгінетін болады. Әзірге, Солтүстік Корея бұндай әрекетке баратыны жайында тек қорқытып келеді.

Бүгінде тұрақты негізде Оңтүстік Кореяда 28 мың американдық әскерилер қоныстанған.

Соңғы жаңалықтар