Солтүстік Кореяның қарулы күштері жоғары әскери дайындықта

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР қарулы күштері жоғары дайындық деңгейінде. Бұл туралы «Нодон синмун» орталық партиялық газетінде жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып ИТАР-ТАСС хабарлады.

Солтүстік Кореяның қарулы күштері жоғары әскери дайындықта

Онда АҚШ 1950-1953 жылдары болған Корея соғысына себепкер болып, «кәріс ұлтына сансыз азап пен қиындық » әкелгені айтылған. Сол соғысты кәріс жұрты ұлт-азаттық соғыс деп атайды.

«Осы үш жылдық қарулы қақтығыс кезінде жасалған америкалық империалистердің қылмыстарына ешқандай ақтау жоқ», - деп атап көрсеткен «Нодон синмун». Алайда, газеттің тұжырымынша, АҚШ «осы қақтығыстан ешқандай сабақ алмаған және Кореяға қатысты қастық саясытан жалғастырып келеді».

25 маусым Кореяның барлық аймақтарында Корея соғысының аяқталғанын еске алатын жаппай митингтер өтті. Ол 1953 жылы бітімге келу туралы келісімге қол қойылумен тоқтатылды. Соғысқа қатысушылар Ким Ир Сеннің еңбегі жайлы еш ұмытпақ емес. Оның басшылығымен Корея АҚШ пен оның одақтастарының әскерлеріне қарсы тұра алды.