Солтүстік облыстарда температурының төмендеуі ықтимал - ККМ

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - 30 желтоқсандағы сағат 15.00-ен бастап Алматы облысының Үшарал-Достық учаскесінде автокөліктердің қозғалысы шектелді. Қазіргі кезде «Қазақавтожол» РМК Алматы филиалын жолды қардан тазалауды қамтамасыз етуде, деп хабарлады ҚР көлік және коммуникация министрлігі.

Солтүстік облыстарда температурының төмендеуі ықтимал - ККМ

Ведомство Қазгидрометтің болжамдарына сілтеме жасап, солтүстік облыстарда ауа температурасы күрт төмендеуі ықтимал екендігін ескертеді. .

Ақмола облысында 31 желтоқсанда, 1 және 2 қаңтарда ауа температурасы минус 35-38 градуске дейін төмендейді, Павлодар облысында 31 желтоқсанда 35 градус аяз, ал 1 және 2 қаңтарда 40 градус аяз болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 1 және 2 қаңтарда 35-38 градуске, ал Қостанай облысында 31 желтоқсанда 30-32 градуске дейін төмендеуі мүмкін.

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат күнделікті www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

«Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:

Ақмола облысы /7162/ 77-10-15

Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39

Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95