Солтүстік өңірлерде қардың соңы жаңбырға ұласады – 3 күнге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет алдағы 3 тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік өңірлерде қардың соңы жаңбырға ұласады – 3 күнге арналған ауа райы

«Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады. Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел бойынша температуралық фон көтеріледі деп күтіледі», - делінген хабарламада.