«Солтүстік-оңтүстік» газ құбырының құрылысы 2019 жылға қалдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістандағы «Солтүстік-оңтүстік» газ құбырының құрылысы газды айдау тарифі туралы келісімнің болмауы салдарынан 2019 жылға қалдырылды, деп мәлімдеді журналистерге «Ростех» мемкорпорациясының басшысы Сергей Чемезов Петербурге халықаралық экономикалық форумы барысында. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Солтүстік-оңтүстік» газ құбырының құрылысы 2019 жылға қалдырылды

«Жобалау жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір бар мәселе - тарифте болып тұр. Ұсынылып жатқан тариф жобаға тартылған қаржыны қайтаруға мүмкіндік бермейді. Біз серіктестерімізді тарифті көтеруге көндіріп жатырмыз. Бұл мәселе шешімін табады деп үміттенемін. Бірақ бұрын бекітілген мерзім кейінге қалдырылады. Жоба бір жылға шегеріліп, 2019 жылы іске қосылатын шығар», - деді ол.

Айта кетейік, Ресей мен Пәкістан 2015 жылдың қазан айында қашықтығы 1,1 мың және жылына қуаттылығы 12,4 млрд текше метрді құрайтын «Солтүстік-Оңтүстік» газ құбырының құрылысы туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын.