Солтүстік пен шығысты газдандыру бойынша түпкілікті шешім 1 мамырға дейін қабылдануы тиіс - Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің солтүстігі мен шығысын газдандыру бойынша түпкілікті шешім 1 мамырға дейін қабылдануы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз барлық өңірді газдандыру қажеттігін көптен бері айтып келеміз. Осыған байланысты Мемлекет басшысы еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың тиімді нұсқасын таңдауды тапсырды. Бұл өңірлердің тұрғындары газды көптен күтіп жүр. Ал, біз қай нұсқаны басшылыққа алуымыз керек? Бұл туралы Энергетика министрлігі мен QazaqGaz-да әлі күнге дейін толық нақты жауап жоқ. Бұл мәселенің нүктесін қоятын уақыт жетті», - деді Үкімет басшысы.

Сондықтан, Әлихан Смайылов Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, қарастырылып отырған нұсқалар бойынша 1 мамырға дейін түпкілікті шешім дайындауы қажеттігін баса айтты.

«Содан кейін оны энергетикалық кеңестің отырысында қарайтын боламыз», - деді Премьер-Министр.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар