«Солтүстік үшін шайқас-2»: Қазақ жігіті өзін мазақ қылған қарсыласын 1-раундта «ұйықтатып» тастады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда «Солтүстік үшін шайқас-2» турнирінде 20 жастағы қазақстандық спортшы Мұратбек Қасымбай 22 жастағы ингушетиялық қарсыласы Або Дзейтовты қылқындырып, есінен тандырып тастады, деп жазады sports.kz ВКонтактедегі Кавказдық төбелес шеберлері тобына сілтемемен.

«Солтүстік үшін шайқас-2»: Қазақ жігіті өзін мазақ қылған қарсыласын 1-раундта «ұйықтатып» тастады - ВИДЕО

Айта кетейік, салмақ өлшеу рәсімі кезінде екі жігіт тәжікелесіп қалып, ингуш жігіті Мұратбекті бетке салып жіберген еді.

Ал жекпе-жек басталғанға дейін Дзейтов Instagram-дағы парақшасында Мұратбек Қасымбайды әлденеше рет мазақ қылған болатын.