Солтүстікқазақстандық акробаттар Ресейден «алтын» әкелді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық спортшылар батутте, акробатикалық жолда, қос минитрампта секіру бойынша ашық чемпионаттан, Иркутск облысы біріншілігінен оралды, деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстікқазақстандық акробаттар Ресейден «алтын» әкелді

Жарысқа Ресей мен Қазақстанның 7 қаласынан 100-ге жуық спортшы қатысты. СҚО құрамасын спорттық акробатика бойынша БЖСМ-ның 16 тәрбиеленушісі өнер көрсетті.

«Батутте секіруде 11-12 жастағы жасөспірімдер арасында 1 орынды Захар Кошпаренко алды. Басқа жас тобында - спорт шебері үміткерлігінде батуттан секіруден Сергей Галицкий жеңіске жетті. 13-14 жастағы жас спортшылар арасында акробатикалық жолда секіруден солтүстікқазақстандық Олег Ремигайло көш бастады. Никита Куроедов екінші орын алды. Спорт шебері бағдарламасы бойынша жастар тобында жарыс алтынын Виталий Делль иеленді», - деді басқарма баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Спортшыларды жарысқа Ринат Белоганов басшылығымен бапкерлер бригадасы дайындады.